Азық қағазы-подпергамент
Подпергамент, майға төзімді және силикондалған қағаз
Подпергамент – 100% целлюлозадан жасалған, май өткізгіштігі шектеулі және механикалық беріктігі жоғары ауа өткізгіш қағаз.
Торттарды, тәтті тоқаш және басқа да кондитерлік өнімдерді бөлшектеп беруге арналған, фаст-фуд өнімдерінің орамасы ретінде өзін жақсы дәлелдеді, азық-түлік өнімдеріне арналған жәшіктерге төсеу үшін пайдаланылады, сонымен қатар оны ылғалдылығы аз өнімдерді кептіру үшін пештегі табаға төсеуге болады.
Майға төзімді қағаз – бұл екі жағынан арнайы парафинденген, майға төзімді жабынмен қапталған қағаз. Майы мен ылғалдылығы төмен тағам өнімдерін қолмен және автоматты түрде қаптама жасау үшін, сондай-ақ табақтарға төсеніш ретінде қолданылады.
Флексо – және терең басып шығару үшін улкен мүмкіндіктерге ие, бұл оны фаст-фудқа арналған қағаз қаптамаларын дайындау кезінде пайдалануға мүмкіндік береді: төсеніштер, қағаз майлықтар, пакеттер, түрлі қаптамалар (гриль-тауықтар, қуырылған картоп, попкорн, хот-догтар, гамбургерлер және т.б.)
Силикондалған қағаз – бұл арнайы қағаз, оның негізі пергамент болып табылады, ол екі жағынан жұқа тағамдық силикон қабатымен қапталған, қатты майланбайтын, ылғал өткізбейтін және жабыспайтын қасиеттері бар.
Қағаз – пісіруге және тамақ дайындауға арналған, газ және электр пештерінде, микротолқынды пеште, қазанда пайдаланылады. Аспаздық өнімдердің жұқа дайындамаларын тікелей парақта жайып бірден пешке көшіруге мүмкіндік береді, тағамнан оңай алынады, бірнеше рет пайдалануға болады (8 циклге дейін), сонымен қатар өнімдерді сақтау, орау және жылыту үшін қолданылады.