Компания туралы

«Парус» өндірістік-полиграфиялық комбинаты кез келген полиграфиялық өнімді және қаптаманың барлық заманауи түрлерін картоннан, қағаздан, қатты пластиктен, иілгіш полимерлік үлдірден және арнайы материалдардан өндіреді.
Комбинат өз саласында ең ірі қазақстандық өндірушілердің бірі болып табылады. Компания өндірістің жоғары мәдениетімен және инновацияларға бағдарлануымен ерекшеленеді, бұл түпкілікті өнімнің жоғары сапасының кепілі болып табылады.

Комбинат өндірістік қызметті 1992 жылдан бастап 6000 м ² өндірістік алаңда жүзеге асырады және шикізаттың тікелей жеткізілімдері мен өзіндік аспаптық өндірісі бар, бұл түпкілікті өнімнің құнын қалыптастыру кезінде басым фактор болып табылады.

Ұзақ мерзімді перспективаға бағдарланған инвестициялық саясат кәсіпорын қызметін ұдайы оңтайландыруға, неғұрлым жетілдірілген технологиялық жабдықты, өндірістік процестерді автоматтандыру және цифрландыру процестерін енгізуге ықпал етеді, еңбек өнімділігін үздіксіз арттыруға және заманауи бәсекеге қабілетті кәсіпорын болып қала отырып, әрдайым уақыт талабынан қалмай жүруге мүмкіндік береді.

Тамақ өнеркәсібі үшін қаптама жасай отырып, комбинат қолда бар санитариялық нормаларды сақтайтын және қалдықсыз өндірісті негізге алатын экологиялық таза және қауіпсіз кәсіпорын болып табылады.

Біз Сіздердің кез келген талаптарыңызға сәйкес қаптама шешімдерін табамыз.

Написать нам

[contact-form-7 id="100" title="Форма - Напишите нам"]